Рахия Тұрмаханбетова Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды

0 42

Рахия Тұрмаханбетова Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тұрмаханбетова Рахия Сейтбекқызы 1962 жылы туылған, білімі жоғары, 1983 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Жуалы ауданында Т.Рысқұлов атындағы жоғары мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1986-1987 жылдары Жуалы аудандық білім бөлімінің әдіскері, 1987-1989 жылдары Жуалы аудандық комсомол комитетінің хатшысы, 1989-1992 жылдары Жамбыл облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, 1992-1994 жылдары Жамбыл облыстық жастар комитетінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, 1994-1998 жылдары Жамбыл облыстық жастар ісі, спорт және туризм басқармасының бөлім басшысы, бас маманы, 1998-2004 жылдары Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, 2004-2007 жылдары Жамбыл облысы әкімиятінің ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, 2007 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.