Соңғы екі жылда өңірде 95 медициналық нысан салынды

0 0

Соңғы екі жылда өңірде 95 медициналық нысан салынды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында республикалық БАҚ өкілдерімен жүздескен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтты, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Денсаулық сақтау саласында бірден бір өзекті бастапқы мәселе – 95 елді мекенде мединицалық нысандардың болмауы болатын. Бұл мәселені 2 жылда 95 нысан салынып, 100% шешіп отырмыз. Соның ішінде 65 биыл салынды.

Медициналық ақпараттық жүйе барлық медициналық ұйымдарда енгізілді. Интернет желісіне 391 мекеменің 383-і (98%) қосылған. Халықтың 95% электрондық денсаулық паспорттары бар.

Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі жұмыс аяқталуда, бекітілмеген халықтың саны 51 мыңнан 3,4 мың адамға қысқарды.

Бұған қосымша шалғай аудандардағы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында соңғы 2 жылда 568 млн.теңгеге 74 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды.

Және 4,4 млрд. теңгеге 1567 бірлік медициналық техника сатып алынды. Соның ішінде заманауи роботталған Locomat қондырғысы. (Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Тараз қалаларында)
Нәтижесінде медициналық жабдықтармен жабдықтау деңгейі 80%-дан асты. Орташа республикалық көрсеткіш — 74%.
Өлім-жітім көрсеткіштері республикалық орташа көрсеткіштен төмен — 6,64 (республика — 7,23).

Leave A Reply

Your email address will not be published.