«Нұрлы жол» бағдарламасымен аймақта 45 жоба іске асырылуда

0 0

«Нұрлы-жол» бағдарламасы бойынша 45 жоба іске асырылуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында республикалық БАҚ өкілдерімен жүздескен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтты, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

600 шқ автожолдар мен көшелер күрделі жөңделді, салынды (16,2 шқ жаңа жол салынып, 6,2 шқ қайта жаңғыртылып, 32,6 шқ күрделі және 550 шқ орта жөндеуден өтеді), оның ішінде Тараз қаласында 138 көше мен бұрылыстарға асфальт салынды (78 шқ). Сонымен қатар, көшелерге түгелдеу жүргізіліп, 754 көше (835 шқ) есепке алынды.
Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автожолдар үлесі 85% (Республикада 3 орын) жетеді.

Бюджеттің тиімділігін арттыру үшін арнайы Регламент қабылданды. Онда салынатын нысандардың құнын оңтайландыру үшін құрылыстың параметрлеріне қатысты талаптар бекітілді. Нәтижесінде, 134 жобаның құны оңтайландырылып, 11 млрд.теңге үнемделді.

Мысалы мединицалық, мәдениет, білім нысандарының құны кемінде 2 есеге қысқарып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.