Жазушы, журналист Жан Ақжанов Жамбыл облысында болды

0 16

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің шақыртуымен жазушы, журналист Жан Ақжанов Жамбыл облысында болып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Халықтық заңгер» акциясының Талас ауданындағы іссапарында жазушы медицина, білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Жан Ақжанов патриоттық, парасаттылық, адами құндылықтар туралы әңгіме өрбітіп, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда әдебиеттің маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, өмірде заңсыздықтардан туындайтын зардаптарды нақты мысалдармен келтірді.

Кездесудің жалғасы Тараз қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жалғасты. Кездесуді мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма  басшысының орынбасары С.Мәдиева ашып, жазушының шығармашылығына табыс тіледі. Кездесуде Жан Ақжанов «Путь врача», «Степь и судьба», «Сладкий дождь» кітаптарының оқиғаларына тоқталып, сыбайлас жемқорлық зардаптары, адамгершілік, парасаттылық жайында әңгіме өрбітті.

Кездесуді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев қорытындылап, мәдениет саласы қызметкерлерінің рухани жандар екенін, парасаттылықтың бастау шыңы да мәдениеттен басталатынына тоқталды. Жазушы кітапхана қорына кітап сыйлады.

Жан Ақжанов «Болашақ» колледжінің студенттерімен де кездесу өткізіп, студенттерге сыбайлас жемқорлықтан бойды аулақ ұстаудың маңыздылығы мен пайдалы жақтарын айтып өтті.

Сонымен бірге жазушы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесіп, сыбайластықпен күресуде парасаттылықтың алар орнын атап өтті.Жазушының Жамбыл облысындағы бір күндік сапары парасаттылық, еңбекқорлық, адалдық пен әділдік,адамгершілік құндылықтарын насихаттуға арналды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.