ЖАС. ЖАЛЫН. БОЛАШАҚ

0 7

Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс.Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына,өз ұлтына адам қызмет етуге ұмтылады.

Н.Ә.Назарбаев

Жаһандану заманында көш ілгері аяқ басуы үшін жастық оттың лапылдап жануы ең басты құрал болмақ. Дәл осы от лапылының өршіуі «Жастар жылында» сөзсіз орын алды. Түрлі бағыттардағы шоқтығы биік шаралар легі өтіп, жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жобарлардың біршамасы көрініс берді. Осы ұстанымнан таймай, Жамбыл облысында да жаңғырған жаңалықтар күннен күнге еселене түсті. Мәселен, Тараз қаласындағы мәдени тынығу ортасына айналған саябақтар қалпына келтіріліп, қала көркін аша түсті. Саябақтар сыры тылсым үнмен тілдесіп, кез келген жанның жүрегіне қуаныш ұялатады емес пе?!

Осындай әсемдікті қала тұрғындарына сыйлаған Жамбыл облысының басшылығына үлкен алғыс білдіремін. Саябақтар еңбектеген баламен еңкейген қарттардың бас қосатын мәдениет ошағы іспеттес. Мұнда түрлі іс – шаралар жүзеге асып, мерекелік кештер орын алады. Табиғатпен сырласып, бала күлкісі сыңғырлап, ұлағат үні жаңғырар мекенге айналған саябақтар қала игілігі үшін жасалған үлкен мүмкіндіктер. Көз тартар әдемі гүлдер, балауса – балғын шөптер, тіл үйірер балмұздақтар, құлақ құрышын қандырар әуезді әуендер, түрлі түсті субұрқақтар сөзсіз саябақтың сәніне айналғандай. Тұрғындарды және біздей жастарды шабыттандырып, мәдениетке тәрбиелейтін саябақтар саны арта берсін деген үлкен тілегім бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.