Жамбыл облысында аккумулятор ұрлаушылар ұсталды

0 0

Жамбыл облысы Полиция департаменті қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұялы байланыс станциясынан аккумулятор ұрламақшы болған екі ер адам ұсталды. 

Олар облыс орталығында және басқа да аудандарында осындай ұрлық түрін кәсіп қылған. Күдіктілер 23 желтоқсанда Байзақ ауданындағы «Теле-2» ЖШС-нің базалық станциясында кезекті аккумулятор ұрлау әрекеті кезінде құрықталды.

Кәсіби ұрлықшылар 35 жастағы Тараз қаласының тұрғыны мен 36 жастағы Сарысу ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Олар осы уақытқа дейін 10-ға жуық аккумулятор ұрлағандарын мойындады.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 2-бөлігінің 1, 3-тармақтары (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері сатып алушыны да анықтады. Оның қоймасынан Талдықорған қаласында сатып алынған 30-дан астам аккумулятор тәркіленді. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 196-бабында (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату) көзделген талап бойынша жаза тағайындалады.

Жамбыл облысы Полция департаментінің Баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.