Тараз қаласында 50 көпбалалы отбасы жаңа жыл қарсаңында қуанышқа бөленді

0 1

Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті Тараз қаласында тұратын 50 көпбалалы отбасының бүлдіршіндеріне мерекелік кеш ұйымдастырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Әрбір баланың күнін қуанышты әрі бақытты ету баршамыздың қолымыздан келеді. Осы қағиданы ұстанған департамент қызметкерлері балаларға арнап қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға да сый – құрмет көрсетілді. «Ізгілік елшісі» жобасының еріктілері үй-үйді аралап сыйлықтарын үлестірді. Бұл күні балаларға арнайы мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Аяз ата мен ақша қар балғындардың көңілін көтеру үшін барын салды. Сыйлықтар мен көтеріңкі көңіл күй сыйлыған меркелік кеште балаларда өз тіліктерін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.