Жамбыл облысында АӘК тағайындауға өтініш қабылдау басталды

0 2

Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК көрсетудің жаңа тетіктері енгізілді. Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмекпен 14919 отбасы қамтылмақ, оған 10,9 млрд теңге қаралды,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Құжаттарды қабылдау тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарында және ауыл әкімдіктерінде іске асуда.

АӘК аз қамтылған отбасыларға төленетін болады. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ы тағайындаудың шекті критерийі болып қала береді.

Ең басты шарттардың бірі – отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі керек және отбасы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Ол үшін АӘК шартты ақшалай көмек түрінде көмек көрсетіледі және бірінші кезекте аз қамтылған отбасылардағы еңбекке жарамды азаматтарға бағытталатын «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасының потенциалы барынша қолданылады.

Мемлекет оларға бос жұмыс орындарға, мемлекетпен субсидияланатын жұмыс орындарға жұмысқа орналасуды, өз бизнесін ашу үшін жеңілдікпен микрокредит және қайтарымсыз гранттар алуды ұсынады.

 Бұның барлығы отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамту шараларынан бас тартатын болса, онда АӘК тек оған ғана емес, бүкіл отбасыға тоқтатылады.

АӘК алушы отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет қамтылатын болады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі 18 мыңнан аса балалар азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі, оған 1,2 млрд теңге бөлінді. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мектептерде ыстық тамақ, оқу құралдары және мектеп киімі беріледі, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

Атаулы әлеуметтік көмек өтініші берілген айынан бастап, өтініш берілген күніне қарамастан тағайындалатындығын атап өткен жөн. Яғни, өтініш қаңтар айының соңғы күнінде тапсырылса да, төлем қаңтар айына толық төленеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.