Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев «Родничок» алқабына барды

0 3

Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев «Родничок» алқабының тұрғыны Өмірбай Сабыровтың шақыруын қабыл алып, алқапқа кездесуге барды, —  деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесуде алқап тұрғындары қоғамдық көліктің бағытын Қызыл көпірге дейін созу, мөлтекауданға тікелей баратын қосымша автобус бөлуді сұранды. Сонымен қатар қоғамдық көліктің көшенің тарлығы байланысты алқаптың ішіне кірмейтіндігі, қоғамдық көлік жүретін жолдарды асфальттау, ауыз су, мектеп құрылысы, республикалық маңызы бар жолдың бойындағы аялдаманы артқа шегіндіру, әлеуметтік дәріхана, полиция тірек пунктін салу мәселелерін көтерді.

Өз кезегінде қала әкімі Айтқазы Қарабалаев тұрғындардың көтерген мәселелеріне нақты жауаптар қайтарды. Бүгінгі таңда алқапқа мектеп құрылысын салу басты назарда. Өйткені мұндағы балалар № 50 мектепке қатынап оқуда. Мектеп құрылысының құжаттары 50 процентке дайын. Республикалық бюджеттен қаражат сұралуда. Ауыз су мәселесі бойынша жоба дайын. Тек енді насос қысымын анықтау жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді. № 12 автобус бағытын созу үшін тасымалдаушы мекеменің өкілімен бірлесе алқапты аралап, мәселені шешуге тапсырма берді.

Одан кейін массив Қайнар көшесі № 58,59 үйдің маңындағы жолдың бөлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, республикалық маңызы бар жол бойындағы аялдаманы балалардың қауіпсіздігі үшін басқа орынға, жол жиегінен екі метр артқа орнату туралы тұрғын жай- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырма берді.

Сонымен қатар қала әкімі Айтқазы Дәулетқұлұлы алқапта жаңадан ашылған дәрігерлік амбулаториясы мен «Ажар» балабақшасында болып, жұмыстарымен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.