«Жолда қабылдау» акциясы жаңа форматта жалғасуда

0 0

2020 жылдың 17 және 18 қаңтарында Жамбыл облысының аумағында «Жолда қабылдау» және «Аулада қабылдау» республикалық акциясы жаңа форматта өтеді, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Екі күн ішінде полиция қызметкерлері фронт-кеңселерінде, модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттерінде және учаскелік полиция пункттерінде азаматтарды қабылдайды. Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция және Көші-қон қызметінің қызметкерлері барлық тұрғындарға әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдарды төлеу, көлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол белгілерін орнату, азаматтық пен мекенжайға тұруға рұқсат алу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу, учаскелік полиция инспекторларының, жол-патрульдік қызметінің, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың қызметі және басқа да мәселелер бойынша түсініктер береді.

Жамбыл облысының Полиция департаментінде қандай да бір себеппен науқанды өткізу орындарына бара алмайтын тұрғындар үшін «шұғыл желі» телефоны жұмыс істейді: 8 (7262) 99 78 38.

Тараз қаласында 2020 жылдың 17 мен 18 қаңтар аралығында «Жолда қабылдау» және «Аулада қабылдау» акциясын өткізу орындары
1) Жамбыл облысы ПД фронт офисі, мекен-жайы Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 80;
2) Тараз қ. ПБ фронт офисі, мекен-жайы Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі №5 а;
3) Тараз қ. ПБ 1-ПБ фронт офисі, мекен-жайы Тараз қаласы, Пушкин көшесі №43;
4) Тараз қ. ПБ 2-ПБ фронт офисі, мекен-жайы Тараз қаласы, Абай көшесі;
5) №1, №2 модульдік посты, мекен-жайы Сулейманова көшесі «Жастар» аллеясы, Тараз қ. ПБ №15 УПП әкімшілік аумағы;
6) №3 модульдік посты, мекен-жайы Қазыбек би көшесі «Қ.Рысқұлбеков» атындағы саябақ, Тараз қ. ПБ 1-ПБ №17 УПП әкімшілік аумағы;
7) №4, №5 модульдік посты, мекен-жайы Қ.Тұрысов көшесі «Б.Момышұлы» атындағы саябақ, Тараз қ. ПБ №3 УПП әкімшілік аумағы;
8) №6 модульдік посты, мекен жайы Толе би көшесі «Шахристан» тарихи-мәдени орталығы;
9) №7 модульдік посты, мекен-жайы Жангельдин көшесі «Тектурмас» тарихи-мәдени орталығы;
10) Тараз қ. ПБ №1 УПП, мекен-жайы «Аса» мөлтек ауданы №24 үй;
11)Тараз қ. ПБ №2 УПП, мекен-жайы: Қаратау мөлтек ауданы №2 үй;
12) Тараз қ. ПБ №5 УПП, мекен-жайы: Қарасу мөлтек ауданы № 24 үй;
13) Тараз қ. ПБ №6 УПП, мекен-жайы: Талас мөлтек ауданы №22 үй;
14) Тараз қ. ПБ №7 УПП, мекен -жайы: Самал мөлтек ауданы № 31 үй;
15) Тараз қ. ПБ №12 УПП, мекен-жайы «Астана» мөлтек ауданы №12 үй;
16) Тараз қ. ПБ №14 УПП, мекен-жайы:Абай көшесі №113 үй;
17) Тараз қ. ПБ №15 УПП, мекен-жайы: Тонкуруш көшесі №11 үй;
18) Тараз қ. ПБ №16 УПП, мекен -жайы: Төле би көшесі №4 үй;
19) Тараз қ. ПБ №18 УПП,мекен- жайы 1 пер№Крупская көшесі №18 үй;
20) Тараз қ. ПБ №21 УПП, мекен-жайы Д.Бедный көшесі, №92 үй;
21)Тараз қ. ПБ №22 УПП, мекен-жайы:Сыздыкова көшесі №12;
22)Тараз қ. ПБ №23 УПП, мекен-жайы:Есенин көшесі №41;
23) Тараз қ. ПБ №25 УПП, мекен-жайы Байзақ батыр көшесі №236 үй;
24)Тараз қ. ПБ №26 УПП, мекен-жайы: Жамбыл проспекті №186 үй;
25)Тараз қ. ПБ №27 УПП, мекен-жайы: Театральная көшесі №8 үй.

Leave A Reply

Your email address will not be published.