Бүгін Меркі ауданында ауылдық округ әкімдері жылдық қорытынды есептерін бастады

0 27

Бүгін Меркі ауданында ауылдық округ әкімдері 2019 жылы атқарған жұмыстары бойынша қорытынды есептерін бастады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Меркі ауылдық округінің әкімі Ұлан Жұматаев өзінің жыл бойы атқарған жұмыстарын «Меркі шипажайы» аумағындағы тұрғындарға баяндады.

Ауылдық округті 14 094 адамды немесе отыздан астам ұлт өкілдерін құрайды. Халық саны жыл санап өсуде, былтырғы жылмен салытырғанда 151 тұрғынға көбейген.

Меркі ауылдық округінде 2 көшеге шамамен 30,0 млн. теңге қаражат бөлініп асфальт төселген. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 15,0 млн. теңге бөлініп, Ә.Ысмайлов көшесінің бойында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Орталық көше байындағы «Наурыз» дәріханасының алды мен «Алимжан» балабақшасының алдына балаларға арналған алаң орналастырылып, қолданысқа берілді, «Мерей» құрылыс дүкенінің маңында да абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясы мекемесінің маңына абаттандыру жұмыстары жүргізілген.
Ауылдық округ әкімінің айтуынша , онда Газания гүлі-271 дана, Бархатцы гүлі-389 , Канада клені-35 дана, қылқан жапырақ ағашы-69 дана, көгал  -2698 м2 егілді. Жалпы округ аумағына 1200 дана роза гүлінің көшеттері отырғызылған.
Жылдың ең үлкен жетістігі ол Орталық саябақ ішінде «Анаға тағзым» атты ескерткіштің орнатылуы.

Сондай- ақ бұл нысанды 8- наурыз аналар күні мерекесінде ашылу салтанатын жасау жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.