Заңсыз заттарды пошта арқылы жолдау белең алуда

0 1

Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде құқықбұзушылық анықталды.  Жазасын өтеушіге сәлем-сауқат арқылы қатаң тиым салынған заттарды жөнелткен. Бұл жолы тосын сый дезодорант құтысынан шықты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жедел тобының жіті тінту жұмыстары барысында «L8star» маркалы 1 дана ұялы телефон, сондай-ақ әр түрлі 5  байланыс сим-картасы, 1 жадылық карта, қуаттағыш сым табылды. Барлығын  «Rexona» ішіне салып, бандерольді «Қазпошта» АҚ арқылы 1979 жылғы Талғарлық азаматша жолдаған.

Қазіргі таңда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 481 бап бойынша материал жинақталып, іс сотқа жолданды. Заңға кереғар айласын асырмақ болғандардан тиісті  айыппұл алынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.