Жамбыл облысында өткен жылы басшылық лауазымдағы 9 тұлға қызметінен босатылған

0 0

Жамбыл облысында өткен жылы   басшылық лауазымда болған 9 тұлға  заңнамамен көзделген шектеулер негізінде өз қызметінен босады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев айтты,  деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өткен жылдың 12 айында 11 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша 26 ұсыныс берілген.

Сондай ақ 2019 жылы Департамент облыстағы мекемелердің еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманын сақтауына байланысты мониторинг жүргізген.

Сол сияқты, экспорттық бақылау қызметіне, шекарадағы өткізу пунктерінің жағдайы, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру, сыбайлас жемқорлыққа ең көп ұшыраған салаларды анықтау сияты мәселер де мониторингтен өткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.