Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайтын 11 сыртқы талдау жүргізілген

0 1

Жамбыл облысында есептік кезенде 17 мемлекеттік органдардың, оларға қарасты мекемелердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайтын 11 сыртқы талдау жүргізілген. Талдау қорытындылары бойынша 47 ұсыныс енгізіліп, оның 40 орындалды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев айтты,  деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мысалға, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.

Талдау барысында Инспекциямен көрсетілетін «Арнайы су пайдалану рұқсатын беру» мемлекеттік қызметіннің көрсету мерзімі 24 жұмыс күні деп белгіленгенімен, жұмыс тәжірибесінде аталған қызметтің 3-6 жұмыс күн ішінде көрсетілетіндігі белгілі болған.

Осыған орай Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімін қысқарту бойынша Инспекцияға ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде арнайы су пайдалану рұқсатын беру қызметінің мерзімі 24 күннен 10 күнге қысқартылды.

Ал Шу қаласы әкімі аппаратында жүргізілген сыртқы талдау нәтижесі бойынша қала әкімінің тұрғын-жайларды қайта жабдықтауға рұқсат беру туралы шешімдерінің күші жойылып, шешімдердің жобасын әзірлеген бөлімше басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.