Жамбыл облысында әкімнің орынбасары «қалжыңдаймын» деп жұмысынан айырылды

0 2

Жамбыл облысында аудан әкімі лауазымын сатып алмақ болған Меркі ауданы әкімнің орынбасары М. Сүлейменовтің ісі Жамбыл облыстық Әдеп жөніндегі Кеңес отырысында қаралды. Ол жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлесіп, аудан әкімі лауазымын сатып алмақ болған, деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

М. Сүлейменовтің өзінің айтуынша, бұл жай ғана достар арасындағы әңгімеде орын алған әзіл болған.
Әдеп жөніндегі Кеңес шенеуніктің лауазымын төмендетуді ұсынды.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында М. Сүлейменов атқарып отырған қызметінен босатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.