Бүгін Тараз қаласында 80 пәтерлі әлеуметтік тұрғын үй пайдалануға берілді

0 2

Бүгін Тараз қаласында 80 пәтерлі әлеуметтік тұрғын үй пайдалануға берілді. Апта сайын беріліп жатқан баспаналар үй кезегінде көп жылдан бері тұрған азаматтарға атап айтқанда балалар үйінің түлектері, жетімдер және 29 жасқа дейінгі қамқорсыз қалғандар, әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар, бюджеттік саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілерге тапсырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Сүлейменов көшесінің соңынан 15 шағын аудан тұрғызылды. Алқапта 280 көппәтерлі және 969 жеке тұрғын үй салынаған.

Қала бойынша биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2019 жылы 16 тұрғын үй яғни 1 280 пәтер халық игілігіне берілді. Ал 2020 жылы 19 үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Сондай- ақ көпбалалы отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша былтырғы жылы 323 пәтер берілген болатын. Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млрд 360 млн теңгеге қайталама нарықтан 144 пәтер сатып алынды.

Бүгінде «Қарасу» (5) мөлтек ауданында көпбалалы отбасыларға арналған 4 көпқабатты әлеуметтік жатақхана пайдалануға берілді. «Арай» мөлтекауданында 4-нің құрылысы жүргізілуде. Жатақхананың ішкі құрылысы екі бөлмелі пәтерлерден тұрады. Бір пәтердің жалпы ауданы 35-40 шаршы метрді құрайды. Әр пәтерде зал және жатын бөлмелер, сондай-ақ, өз ас үйі, әжетханасы мен жуынатын  бөлмесі де бар.

Бүгінгі тапсырылған тұрғын үй де арендалық, сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Құрылысты жүргізуші мердігер «Тараз строй 2004» ЖШС-гі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 19 083 адам тұр, оның ішінде балалар үйінің түлектері, жетімдер және 29 жасқа дейінгі қамқорсыз қалғандар- 1 984. Ал, әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың саны- 9 202, көпбалалы отбасылар-1 921, бюджеттік саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер-5 976 .

Leave A Reply

Your email address will not be published.