Талас ауданында ауыл шаруашылығы өнімі 12 млрд. 252 млн. 300 мың теңгеге өндірілген

0 1

Талас ауданында ауыл шаруашылығы өнімі 12 млрд. 252 млн. 300 мың теңгеге өндіріліп, 113,1%-ға немесе 1 млрд. 417 млн. 900 мың теңгеге артық орындалды. . Бұл туралы  Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов   ауыл тұрғындарына берген  есебінде айтты,  деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мал басы 2018 жылмен салыстырғанда -мүйізді ірі қара малы 26 361 басты құрап яғни 3,5%-ға өсті.

Қой-ешкі  310 586 басты құрап 10,4% — ға төмендеп отыр, оның себебі 2019 жылы экспортка және жеке сатылымға шығып кеткен.

Ал жылқы 11 015 басты құрап 6,4%-ға өссе,  түйе 2174 басты құрап 0,2%-ға өскен.

Сонымен қатар үй құстары 36 665 бірлікті құрап, 3,5 %-ға өсті.

Айта кетейік, ет және сүт өнімдері бойынша 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда ет 12 мың 540 тоннаны құрап, яғни 103%-ға , ал  сүт 8 мың 23 тоннаны құрап, яғни 102,6%-ға жеткен. Жүн 472,2 тоннаны құрап,   яғни 101,4%-ға артқан, жұмыртқа 3 млн. 532 мың дана алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.