Жаңатас қаласында  246 баспана тапсырылды- Қанатбек Мәдібек

0 12

Жаңатас қаласындағы 2 көпқабатты тұрғын үй қалпына келтіріліп, пәтер алу кезегінде тұрған 190 азамат пен 56 көп балалы ана баспанамен қамтылды. Бұл туралы есептік жиын өткізген аудан әкімі Қанатбек Мәдібек айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

10 пәтерлі 6 шағынаудандағы №11 үйден 10 пәтер және қосымша 9 пәтер сатып алынып, көп балалы отбасыларға берілді.
Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің кезегінде 1974 азамат тізімде тұр.
Жылдан-жылға қала тұрғындарының саны көбейіп келеді.
Ауданда 26 елді мекеннің 13-сі орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Сарысу ауданы бойынша «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Саудакент пен Жайылма елді мекендері енген.

Оған ауыл ішіндегі 18 көшенің жол жабындыларын орта жөндеуден өткізу, абаттандыру, көгалдандыру, саябақтарды жөндеу,көшелер жарығына жыл ішінде қондырғылар орнату мен электр қуатын төлемдерін жасау құжаттарын дайындау секілді ілкімді жұмыстар атқарылмақ.

Сонымен қатар «Ақбота» бала бақшасын күрделі жөндеу, ауыл іргесіндегі «Ынтымақ» шаруа қожалығына облыстағы Аймақтық Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысымен инфрақұрылым дамыту тетігі бойынша қолдау көрсетілетін болады.

Аудандағы 12 елді мекендегі полигондар да толығымен қоршалып, 10 елді мекенде абаттандыру және көгалдандыру жобаларынмықтап қолға алу жоспарлануда.

Осы басқосуда Ықылас кесенесін жөндеу, аудандық мұражайға жаңа ғимарат бөлу мәселелері де айтылды. Ауыл белсендісі Нұржан Есмаханов  Саудакенттегі стадионды коммуналдық меншікке алу, ауылға қосымша участкелік инспектор штатын бөлу,ауыл ішіндегі септиктегі шайынды суды соруға арналған арнайы көлік қарастыру, Б.Қашқынбаев кесенесін жөндеу туралы көп көкейіндегі мәселелерді ортаға салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.