Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі есеп берді

0 10

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Ерболат Садырқұловтың халық алдындағы есепті кездесуі Ақниет ауыл тұрғындарымен өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесу барысында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов пен Ақниет ауылдық округі әкімі Н.Тұрабаевтың 2019 жылы атқарған жұмыстары тыңдалды.

Ауыл тұрғыны Қ.Махатов Әбілқайыр ауылына ауыз су тарту, оқушылар тасымалы,тас жолды жөндеу, көпірді жөндеу,ветеринариялық қызмет сапасы туралы жұрт көкейіндегі сауалдарды жолдап, аты ұлы тұлға атауын жақында иеленген ауылдың көрнекі жеріне Дінмұхамед Қонаев бюстін орнату туралы ұсыныс білдірді.

Аудан әкімі  көтерілген мәселелер бойынша сала басшыларын тыңдай отырып,нақты орындалуы бойынша тапсырмалар берді.
Кәсіпкер Н.Букетов ауылды көріктендіру шараларына демеушілік көрсетіп, ауылдың көрнекі орнына ұлы тұлға Д.Қонаевтың бюстін орнатуға көмек беретінін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.