Жамбылда инвесторлармен меморандумға қол қойылды

0 1

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Тұрсынғалиев Айбек Әлібекұлының Жамбыл облысына келуі аясында облыс әкімдігінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары төрағалығымен кеңес өтті, онда өзара ынтымақтастық туралы инвестициялық жобалармен екі меморандумға қол қойылды,  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА spiker.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы әкімдігінің атынан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Сәбитұлы Календеров және «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС, директоры Ерлан Жайықұлы Әлмағамбетов, Жамбыл облысы, Сарысу ауданында жел электр станциясының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыратын инвестормен өзара ынтымақтастық туралы Меморандум. Жобаның қуаты 100 МВт, инвестициялық салым 130 млн. астам АҚШ долл. құрайтын болады.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры Тұрсынғалиев Айбек Әлібекұлы және «КазГидро Оперэйтинг» ЖШС, өңірлік директоры Ахмеджанова Фируза Раушанқызы, Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Көксай өзенінде 5 гидроэлектростанция каскадын салу жөніндегі жобаны іске асыратын инвестормен ынтымақтастық туралы Меморандум. Жобаның қуаттылығы 18 МВт, жобаның құны 5 млрд. тг.

Leave A Reply

Your email address will not be published.