Тараз қаласында 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

0 0

2020-2021 жылдары Тараз қаласында 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылып 519 жаңа жұмыс орны ашылмақшы,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Көне шаһарда «Ekojer» ЖШС – «Қоқыс өңдеу зауыты» жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жобаның құны 17 млрд. 500,0 млн. теңгені құрайды.

Ал «СП-Тараз PET» ЖШС қолданыста болған пластикалық бұйымдарды қайта өңдеу бойынша зауыт салу жобасы іске асыруда. Жоба құны – 3,9 млрд. теңге. Қуаттылығы 6,0 мың тонна. Кәсіпорын іске қосылғанда 64  жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Сондай ақ «TARAZLNG» ЖШС сұйытылған табиғи газ өндіруді қолға алмақ. Жобаның құны – 891,0 млн. теңге. Өндіріс орны жылына – 18000 тонна газ өндірмек. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орындары ашылады.

Ал, «Дәмді себет» ЖШС «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру» жобасын іске асыруда. Жоба құны 320,0 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 2160 тонна ұн өнімдері, 105 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.

«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС «Ферроқорытпа өндірісі мен шикізат базасын кеңейту және әртараптандыру (2-кезең)» жобасын іске асыруды көздеп отыр. Жобаның жылдық қуаты – 300,0 мың тонна ферроқорытпа. Құны – 29,0 млрд. теңге. Жоба бойынша 300 жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.