Байқадам ауылдық округінде пилоттық жоба аясында 826 345 000 теңге қаржыға сұраныс берілген

0 9

Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасына Байқадам ауылдық округі пилоттық округі ретінде енгізілді.  Ауылдық округке пилоттық жоба аясында 826 млн 345 мың теңге қаржыға сұраныс берілген ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Оның ішінде  үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға 22 321 636 мың, мал шаруашылығына 676 470 000 мың, кооперативтерді жабдықтауға  114 665 000 мың, тұрғындардың өз кәсібін ашуға  24 500 мың, жылыжай салуға 45 млн теңге қарастырылған.

Сондай ақ үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану үшін 901 — ауланың 118 га жеріне бақша егілетін болады.

Ауылдағы 901 аулаға  бір маусымда екі рет қияр егілмек. Оған 174 келі тұқым қажет екен.
Агротехнологиялық шаралар дұрыс жүргізілсе гектарына 3248,0 тонна өнім жиналмақшы.  Сонда бір аулаға маусымда түсетін таза табыс 316 312 теңгені құрайды.

Айта кетейік жоба аясында орташа табыс көлемі шамамен 8,0 есеге артпақ.

Сонымен қатар ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану бойынша тиісті талдау жұмыстары жүргізілген.
Ауылдық округтегі 761 аулада 2130 бас мүйізді ірі қара бар. Оның ішінде 9342 уақ мал болса, 313 басы жылқы , құс – 2416 басты құрайды.
Жалпы мал сатып алуға 783 970 000 мың теңге қарастырылған.

Қолдағы бар және сатып алынатын мал басы мен оған жем, шөп дайындау үшін жаңадан құрылған «Саудакент- 2019» копперативі қолдау көрсетпек.

Кооперативті қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға 18 техника алынбақ. Оған ауыл ішінен 5 га жер өндірістік база ретінде берілді.

Сонымен қатар бүгінгі күнге 2 -ауыл тұрғыны 18 млн теңгеге алма бақ отырғызу үшін, 4- ауыл тұрғыны 55 млн теңгеге жылыжай соғуға сұраныс берген.
Бүгінгі күнге пилоттық округте жұмысшы топтың құрамына енгізілген қызметкерлер құжат қабылдау жұмыстарын жүргізуде. «Тараз әлеуметтік корпорациясына» 259 құжат өткізіліп, 27 ауыл тұрғынына 72 млн теңге несиесін берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.