Сапарбаевтың Қордайдағы жағдайға байланысты Үкіметке берген есебі жарияланды

0
444

Бүгін, 11 ақпанда Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Қордай ауданындағы оқиға туралы мәселе және оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясының атқарған жұмысы қаралды, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА  zakon.kz -ке сілтеме жасап.

Күн тәртібінен тыс жиында Премьер-министр Асқар Мамин облысқа әкім болып кетсе де Бердібек Сапарбаевтың Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссия құрамындағы жұмысын жалғастыратынын жеткізді.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Бердібек Машбекұлы Үкімет комиссиясын басқаруды жалғастырады“, — деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Үкімет комиссиясының жұмысын жалғастыруды тапсырды. Үкімет тарапынан барлық қажетті қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Бердібек Сапарбаев атап өткендей, бүгінде Жамбыл облысының Қордай ауданында жағдай тұрақты. Жергілікті атқарушы органдар барлық құқық қорғау органдарының қолдауымен жұмыстар жүргізуде. Соңғы 5 күнде 141 адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде 19 — полиция қызметкері. 10 адам қаза тапты. Қазақ тапқандардың отбасыларына әкімдік пен жергілікті демеушілердің есебінен көмек көрсетілді. Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының атынан әр отбасыға көңіл айтты.

Бүгінде медициналық көмекпен Қордай аудандық ауруханасында – 13 адам, Алматы қаласында – 25 адам қамтылды. Алматыдан Қордай ауданына 10 жоғары білікті дәрігер келді.

Қырғызстанға кеткен барлық 9 адамды (ауруханадағы) біз алдымен Алматыға әкелдік, сосын Таразға жеткіздік. Қазір ол жақта адам жоқ. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде“, — деді Сапарбаев.

Бүгінде Үкімет комиссиясы жергілікті тұрғындардың көмегімен өртенген үйлер мен коммерциялық нысандарды қарап, тексеріп жатыр. Алдағы бір-екі күнде Комиссия олардың нақты саны туралы және зардап шеккендердің қандай көмекке мұқтаж екені жайлы ақпарат береді.

“Бұл үш күнде біз 5 ауылдың тұрғындарымен кездестік, оларға қандай көмек көрсетілетінін нақтыладық. Жалпы, тұрғындар жағдайды дұрыс түсініп отыр. Кеше біз ақсақалдармен кездестік, олармен сөйлестік“, — деді Сапарбаев.

Үш күн ішінде кейбір азаматтар Қырғызстанға кетіп қалған. Сапарбаевтың айтуынша, екі күн ішінде 8 мыңға жуық азамат қайтарылды.

Кешеден бері барлық мектептер, балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, барлық дүкендерде де жұмыс басталды.

Қазір тұрғын үйлер мен сауда нысандарын салуға жергілікті құрылыс компаниялары мен жергілікті тұрғындар тартылатын болады. Біз бизнесмендермен – Қордай ауданының тумаларымен жұмыс істейміз, олар көмектесуге әзір. Олардың мүмкіндіктерін пайдаланатын боламыз. Барлық жағдай бақылауда. Барлығы қалпына келеді деп ойлаймын. Әрине, кейбір мәселелер бар, оларды жақын арада шешетін боламыз“, — деп түйіндеді сөзін ол.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here