Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылдық округінде  пилоттық жоба бойынша 280 адам несие алуға өтініш берген

0 0

Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылдық округінде  пилоттық жоба бойынша 280 адам несие алуға өтініш беріпті. Соның 147-інің қолына қаржысы тиіп, мал алуда,  —  деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бесағаш ауылдық округінің әкімі Бейбіт Ниғматуллаевтың айтуынша, округте 1336 үй бар. Жобаға 1176 аула тұрғыны қатысуға ниет білдірген. Жалпы округтегі тұрғындардың 95 пайызы жобаға қатыстырылып отыр. Бірінші бағыт, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға 29 миллион қаржы қажет екен. Оның 23 миллион теңгесін тұқымға жұмсамақ ниетте. Тыңайтқыш пен пестицитке жұмсайтыны тағы бар.

Екінші бағыт бойынша несие алған 52 адамның 12-сі 38 миллион 750 мың теңгеге мал алған. Соның бірі – Түрксіб ауылының тұрғыны Рысбек Иманалиев. Ол «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 4 миллион 980 мың теңге несиеге қол жеткізген. Сөйтіп Қаратөбе ауылындағы «Қылышбекова» жеке кәсіпкерлігінен келісім-шарт негізінде 5 жылқы, 5 сиыр, 10 бас қой сатып алыпты. Бұдан бөлек, малдың жемшөбіне 830 мың жұмсаған.

Бұл жоба үйінде жұмыссыз отырған азаматтар үшін жамбасына оңынан келген игі бастама болды. Әрі десе өзіңді жұмыспен қамтисың. Сүт өндіріп, мал бордақылайсың. Үйіңе табыс кіреді. Қысы-жазы айналысатын шаруаң болады. Үйде құр қарап отырмай, мал бордақылаумен, сүт өндірумен айналысасың. Алған несиеңнің де пайызы төмен. Бір жыл каникулы тағы бар. Несиеңді бір жылда екі бөліп төлеу біз үшін де тиімді. Шаруа адамға бұдан артық қандай қолдау керек. Жақында сатып аған сиырымның алды бұзаулап, аузымыз аққа тиді. Енді артылған сүтті округте жаңа құрылып жатқан ауыл шаруашылығы кооперативіне өткізуді жоспарлап отырмыз, — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.