Мониторингті жинау және ұсыну күніге 2 мезгіл жүргізіледі

0
25

Жамбыл облысында ҚХР және басқа елдерден келген тұлғаларға медициналық бақылауды бақылау бойынша оперативті орталық жұмыс жасауда.  Мониторингті жинау және ұсыну күніге 2 мезгіл жүргізіледі ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

2020 жылғы 13 ақпандағы сағат 15.00 -дегі жағдай бойынша ҚХР келген 125 тұлға мониторингпен қамтылған.

Инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты мониторингтен 86 тұлға алында, 39 тұлға мониторингте қалды.

Сонымен қатар, коронавирус бойынша басқа қолайсыз елдерден келген тұлғаларға мониторинг жүргізілуде.

Жамбыл облысы аумағына 2020 жылдың 6 ақпанында барлығы 505 Қазақстан Республикасы азаматтары келді, бүгінгі күнге олардың 60,4% мониторингпен қамтылды.
Олардың арасынан дене қызуы көтерілгендер анықталған жоқ.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here