Ақпараттық топ мүшелері колледжде болды

0 6

Облыстық ақпараттық топ мүшелері Құлан агротехникалық жоғары колледжінде болды, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

 

Оқу орнында атқарылған жұмыстармен танысып, оқу үрдісіне ықпал ететін материалдық базасын көрді.

Аталған оқу ордасы 1923 жылы құрылған. 89 оқу кабинеті, 7 шеберханасы бар. Білім басқармасының мәліметінше мұнда мемлекеттік тапсырыс негізінде 600 — ден астам студент білім алады. Облыс әкімі орынбасары Мұратхан Шүкеев ауыл шаруашылығы саласына мамандар даярлайтын іргелі оқу орны студенттерімен арнайы кездесу ұйымдастырып,қоғамдық лекция өткізіп,тәжірибе алмасу жұмысын жүргізетінін жеткізді.

Ал топ мүшелері  кәсіби маман даярлаудағы проблемалар мен жетістіктер туралы өзара пікір алмасып, кеңес те берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.