Ақпараттық топ мүшелері Ақбұлақ ауылдық округінде жұмыс сапарын қорытындылады

0 0

Тұрар Рысқұлов ауданыдағы жұмыс сапарын облыстық ақпараттық топ мүшелері Ақбұлақ ауылдық округінде қорытындылады. Мұнда округке қарасты елдімекен тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып бірқатар мәселелер талқыланды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев пен облыстық ардагерлер кеңесі мүшесі Қасымхан Төлендиев өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы төңірегінде әңгіме өрбітті. Бейбітшілік пен татулықты берік ұстанып, ынтымақты болуға үндеді. Келелі кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны да айтылды. Жастар тәрбиесі жұмыссыздық, масылдықпен күрес, әлеуметтік саладағы жаңа реформалар мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Ауыл жұртшылығы көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Пікір алмасып, ой бөлісті.

Бұдан бөлек жиында еліміздегі қоғамдық-саяси ахуал, бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық достық, өңірдегі көкейкесті мәселелер туралы да айтылды. Ауыл тұрғыны Н.Огурцова өзге этнос өкілдерінің тұрмыс жағдайы туралы пікір білдірсе, ауыл әкімінің орынбасары Ә.Байғожаев елдімекендегі атқарылған шаруалар мен жоспарлар туралы баяндады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.