Жамбыл облысында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем — Қазақстан» атты мерекелік салтанатты іс шара өтті

0 5

Жамбыл облысында «Көне-Тараз» тарихи- этномәдени кешенінде Алғыс айту күніне орай «Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан» атты мерекелік салтанатты іс шара өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов,  «Полонез» поляк этномәден бірлестігнің жетекшісі Лариса Калькова және «Барбанг» күрділер ассоциациясы облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Сабри Асанов мерекемен жиылған жұртшылықты құттықтады.

Қадірлі ағайын, қазақ деген халықпыз. Құшағымыз кең, мейірімді, ақкөңіл, адал, аңғал халықпыз. Біздің бауырымызға қаншама халықтар, ұлттар , байырлар сыйып кетіп жатыр. Біздің ең керемет қасиеттеріміздің бірі бұл. Қазақ айтады неше түрлі мақалы бар,  ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын дейді. Болмаса көршіні тәңір ақысы деп айтады. Сондықтан жан жағымыздағы айналмыздағы бүкіл халыққа біздің үлкен жүрегіміздің керемет жақсы бауырмалдық соғысы, әрбір дүмпуі анық. Ендеше бірінші наурыздағы осындай бір керемет алғыс айту күні өте бір әдемі,  орынды және  дер кезінде жасалған шара ғой деп ойлаймын. Бұл біздің ғасырдан ғасырға аманат , ата бабаларымыздан келе жатқан аманат. Қазақ халқы қашанда кең жүректі болғандықтан да ары қарай да осы мейірмандығы өсе береді. Мына бізді жайлаған этностардың бәрі де бір Алланың жаратылған пенделері. Олардың да  қанында біздің сияқты қанымыз жанында ағып жатыр . Олар да бұл әлемде өмір сүруге,бұл жерде тіршілігін жасауға, бізбенен дос болуға, көрші болуға, керек десеңіз жекжат болып та кеткен ағайындарымыз бар.  Бүгінгі үлкен мереке, алдағы болатында  осы достық мерекесі,  қазақ халқының неше түрлі ұлттар мен ұлыстар жайлаған еліміздің достығының үлкен шарасы бола бергей! Барлықтарыңызды бүгінгі күнмен құттықтаймын. Аман болайық. Еліміз, жұртымыз аман болсын. Бір бірімізді сыйлай жүрейік, бағалай жүрейік. Құрметтеп жүрейік, — деді Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.

Сондай — ақ Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері қонақтарды қарсы алып, ұлттық тағамдардан ұсынды.

Бірінші шатырда –қазақ, өзбек, поляк, әзірбайжан, дүнген этностарының тағамдары қойылса, екінші шатырда – түрік, орыс, шешен-инғұш, грузин, қарашай-балқар халықтарының  ұлттық астары ұсынылды. Ал, үшінші шатырда қонақтарға ұйғыр, қытай, грек, неміс, еврей, күрді ұлттарының  тағамдары ұсынылса, төртінші шатырда –корей, украин, тәжік, татар, қырғыз халықтарының түрлі  астары қойылды. Әр дастарханның басына жеткенше қонақтарға этнос өкілдері алғыс айтып, ұлттық аспаптарымен өнер көрсетті.

Мерекелік шара негізінде алаңда қой көтеру, асық ату, тоғызқұмалақ және ордабасы секілді ұлттық спорттық ойндардан сайыс өтті.

«Алғыс айту» күніне арналған меркелік кеш әрі қарай «Рахмет саған туған жер» атты концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттік бағдарлама барысында Қазақстан эстрада жұлдыздары мен «Ақжелкен» жастар лигасы, «Жаңғыру жолы» жастары, тномәдени бірлестіктердің би ансамбльдері, неміс этномәдени бірлестігі өкілдерінен құралған  «Поющие сердца» және «Juwel» вокалдық топтары мен облыстық филармония әртістері өнер көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.