Жамбыл Жабаевтың туғанына 174 жыл толу құрметіне гүл шоқтары қойылды

0 1

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 174 жыл толу құрметіне Мойынқұм ауданыныңорталығындағы Жамбыл атындағы мектеп гимназиясы алдындағы ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып тағзым жасалды ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл шараға » Нұротан» партиясы Мойынқұм аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Манарбек Көшкімбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев қатысты. Жиында жүз жасаған ақынның өмір тарихы жайлы айтылып, жырлары жырланды.

Мектептің залында «Жыр алыбы Жамбыл» ақын жайлы лицей оқушылары дайындаған көрініс қойылып Жамбыл атамыздың өшпес өлеңдері мәнерлеп оқылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.