Алғыс айту күніне арналған «Халқыма менің – мың алғыс!» атты жиын өтті

0 61

Аудандық Мәдениет үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Халқыма менің – мың алғыс!» атты жиын салтанатты түрде өтті. Оған мекеме басшылары,ұстаздар, ауыл тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Салтанатты жиынның ашылуында сахна төріне көтерілген аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

Сондай -ақ бірқатар азаматтарды ауданның экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапаттады. Бұдан кейін аудан «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Манарбек Көшкімбаев аудан жұртшылығын Алғыс айту күнім құттықтап, «Нұр Отан» партиясының құрылған күніне орай бірқатар азаматтарға табыстады.

Салтанатты шарада Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқытушысы Анастасия Сапаниди мен аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Шоира Қасымходжаевалар қазақ халқына, туған жерге деген ризашылықтарын білдіріп, барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.