Мойынқұмдық жастар мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуде

0 2

1 наурыз — Алғыс айту күніне орай Мойынқұм ауданының жастары  мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуде ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл жолы қайырымдылық шарасына аудандық білім бөліміне қарасты экология орталығының қызметкерлері қатысты. Олар жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі ауыл тұрғынының үйіне барып ауласын тазалады.

Қыстық отын, көмір жинайтын бастырма соғып берді. Орталық қызметкерлері азық-түлік пен күнделікті тұрмыстық заттарды алуды да ұмытпапты. Дәстүрлі шара алдағы уақытта жалғасын таба бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.