Жеке кәсіпкер жалғызбасты анаға алты бөлмелі үй алып берді

0 7

Бүгін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Рухани жаңғыру мақаласының «Туған жерге туыңды тік» кіші бағдарламасы аясында облыс әкімінің бастамасымен жасақталған «Сөзден іске!» бағдарламасы аясында Сарысу ауданы бекіткен наурыз айындағы жоспары бойынша үлкен игі іс көрініс тапты ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тұрғын үй тауқыметін тартқан жалғызбасты ана Совчук Наташа Юриевна 5 баласымен бірге жылдар бойы баспаналы болуды армандап келген.
Тоғыз жыл бойы әржерді паналаған жандарға тұрақты қамқорлық көрсетіп келетін Сарысу ауданының басшылығы бұл отбасына демеуші тауып берді. Жергілікті кәсіпкер Тоқан Біләлиев қайырымдылық жасап, Байқадам ауылынан 10 соттық, 6 бөлмелі, есігінің алдында сарай, қора-қопсысы бар даңғарадай үйді сатып алып берді.

Үлгі болар ісімен алғыс арқалаған азамат жеке кәсібін дөңгелетіп, көптеген тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Үй иесі Тараз қаласына көшіп, иесіз тұрған үйді 2 млн. Теңгеге сатып алып, құжаттарын жалғыз басты ананың атына аударып берген Тоқанның бұл бірінші жомарттық жасау емес.
Мұнан алдын да көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көмек қолын созып жүрген азамат, өткен жылы да осындай үйді мұқтаж отбасына сыйға тарту еткен болатын.
Басыбайлы баспана бұйырған отбасындағы балалардың қуанышында шек жоқ. Жылдар бойғы қиындықтан құтылғанын жандардың айтар алғысы айрықша.

Қуаныш орын алған отбасына барған аудан әкімі Қанатбек Мәдібек Наташа Совчукті құттықтап, отын,су секілді тұрмыстық қажеттіліктер орын алған жағдайда жалғызбасты ананың аяқтан тұрып кетуі үшін бір реттік көмектер берілсін деп, округ әкіміне тапсырмалар берді.
Қуаныштан көзіне жас алған ана тоғыз жыл бойы баспана тауқыметін тартқанын, тіпті балашаға асырау үшін мал бағып күнелткенін айтып, еліме шексіз ризамын, аналарға ерекше қамқорлық танытқан Президентіме, облыс басшысына деген алығсым шексіз. Өкімет тарапынан барынша қолдау көрсетілуде,-деп басын иіп, Әнұранды шырқай жөнелгеніне қарап, қуаныштан жүрегі жарылардай болған ананың қуанышын біз де сезіндік.

Ұлы Иса да Украйн ұлты болсам да орыс я өзге тілді білмейді екенмін, менің елім қазақ, мен қазақпын деп ағынан жарылуда. Ал, қызы Алена Совчук болса Абай оқулары байқауының жеңімпазы екенін айтып, Абайдың жырларын жатқа айтып берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.