Пилоттық жобаның пайдасы мол

0 2

Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округінде былтырғы жылы қолға алынған пилоттық жоба бойынша оң қадамдар жасалып,тұрғындар жоба маңыздылығын түсінуде ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінгі күні жобаға қатысқан ауыл тұрғындарының қоралар малға толып, басқа да мақұлданған жобалар төңірегінде жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.
Бүгінгі таңда 147 адам несиесін алып жұмыс жүргізуде.
1470 бас мал, 2 жылыжайға 1 наубайханаға қаражат алынып, қарқынды еңбек басталды.
Десек те жұмысты одан әрі жандандыру үшін, бар мүмкіндіктер жасалуда.

Міне, бүгінгі сенбілік, еріктілер бастамасы да осының айқын дәлелі.
Аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің тікелей ұйытқы болуымен жасақталған еріктілер тобы таңсәріден қарқынды жұмыс бастады. Ересектерден құрылған бұл топ бірінші кезекте елді мекендердің тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарына мән беруде.

Барлық арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, мектептер мен балабақшаларда, мешіттерде, көше бойларында көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде.
«Бірінші кезекте бізге керегі тазалық. Тазалық болған жерде денсаулық та, жұмыс та, өсім де болады.
Біз бүгінде тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын қолға алып отырмыз. Өйткені, ұрпағымыздың таза көшемен жүріп, көкмайсада демалғанын қалаймыз» дейді округтің еріктілері.

Ал,бүгінгі тазалық жұмыстарын пилоттық жоба бойынша ауыл ішіне кіретін 2.5 шақырым қашықтықты құрайтын Күлтөбе каналына тазалық жүргізуден бастады.
Мұндағы мақсат пилоттық жоба аясында атқарылатын, бау-бақша,егістік, мал шаруашылығын өркендету бойынша ауылға су кіргізу.
Бүгін ауыл тұрғындарынан құралған 250 еріктілер мен 6 техника 1 шақырым арық бойын тазалады.
Сондай-ақ, арық бойынан 500 куб топырақ, 700 кубтай қоқыс сыртқа шығарылды.

Округ әкімі А. Назарбековтың айтуынша пилоттық жобаның пайдасы шаш етектен болмақ. Тек тиімді пайдалана біліп, сауатты жоспар жасай білу қажет.
Ал, ауыл ішіне 600 метрдің латогы ауыстырылады. 800 метр арық жөнделеді. 5700 түп тал егіледі. Оның ішінде шырша, терек, үйеңкі, жеміс ағаштары отырғызылады екен.
Гүлденсе ауыл гүлденеміз бәріміз деген ұстанымды ұстанған ауылдық еріктілер көктемнің ызғарлы суығына қарамастан белсене еңбек етті.
Көп түкірсе көл деген. Көп жиылып әп-сәтте атыздар маңы,айналасы мен іші тазаланып қалды.Оларға аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен бір мезгіл ыстық шәй берілді.
Емін- жарқын күліп, жақсылыққа жаны құмар ауылдықтарға аудан орталығынан да еріктілер келіп қосылып жатты.

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған бірлескен жұмыс, келер апталарда да, барлық ауылдарда жалғасын табатын болды.
Еліне қарап, ерін таны деген сіздердің белсенділіктеріңіз аудан дамуы жолында үлкен роль атқарады.
Осындай бірлікпен тірлік ете берейік деген аудан басшысының өзі арық ішіне кіріп, қолына күрек, тырмасын алып белсене кірісіп кетті. Алда көктем, тазалық жұмыстары болашақ ұрпаққа да берер үлгі өнеге болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.