Тұрар Рысқұлов ауданының бұрынғы әкімі сотталды

0 3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті осыған дейін Т. Рысқұлов ауданының бұрынғы әкімі А.С.Қырықбаевқа қатысты лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қырықбаев ведомстволық бағынысты ұйымдардың егін егуге және жинауға арналған арнайы көліктерін аффелирленген кәсіпорынның қарын тазалауға заңсыз тарту, сонымен қоса «Меркі жолдары» ЖШС директорына үшінші тұлғаға 2 млн. теңге төлеу туралы заңсыз нұсқау беру жолымен лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдалануда күдікті деп танылған болатын.

Ағымдағы жылдың 4 наурызында Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Қырықбаев 2 500 АЕК (6 312 500 теңге) көлемінде айыппұлға сотталды.

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.