Көліктік бақылау инспекциясының басшысы пара алуда күдікті деп танылуда

0 0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай облысының Көліктік бақылау инспекциясының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады , — деп хабарлайды «ZhambylNews»АА spiker.kz — ке сілтеме жасап. 

Ол жүк автокөлік құралдарының кедергісіз өтуін ұйымдастыру бойынша жалпы қамқорлығы және ірі габаритті жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпауда Қостанай облысының кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі негізде пара алуда күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында күдікті 1 млн. теңге сомасында кезекті параны алғаннан кейін ұсталды.

Ұсталған азамат сот санкциясымен қамауға алынды.

Кінә деңгейін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот шығарады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.