«Бейбітшілік пен келісім» Қордайда

0 7

Бүгін ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жаңа жобасының аясында құрылған жұмыс топтары Қордай ауданында болды ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бір апта көлемінде ауданда болатын іс-шараларды өткізетін топ құрамында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік мәселелер мен ауыл шаруашылығы мәселелерін, діни аспектілер мен қауіпсіздікті зерделеу секілді бағыттары бойынша бес жұмыс тобы бар.

Топ мүшелері ауданның барлық ауылдық округтерінде болып, жергілікті халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігін және оларды қандай мәселелер толғандыратынына зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, осы күндері этникалық топтардың жалпықазақстандық кеңістікке интеграциялану деңгейін анықтау бойынша шаралар ұйымдастырылып, түрлі спорттық жарыстар өтетін болады. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын арттыру, мемлекеттік тілге деген құрметті нығайту, этностар арасына достықты бекемдеу, «Мәдениеттаным», «Ұлттаным» және «Өнертаным» турлары арқылы қазақ халқының тарихына, салт-дәстүрлеріне қызығушылықты арттыру, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласты арттыру мақсатында да іс-шаралар жүргізілетін болады және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында жиындар өтіп, «Абайдың рухани мұралары» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болады.

Бес жұмыс тобы осылармен бірге құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік приницпін жетілдіру мақсатында «Халықтық заңгер» қоғамдық қабылдауын өткізеді. Мәдениет үйлерінде театрландырылған қойылымдар мен көрмелер өтіп, ұлттық ән мен биге, шығармашылыққа басымдық беріледі.

Жалпы 7 күн ішінде ауданда 110 іс-шара 79 кездесу, 7 қабылдау, 5 семинар, форумдар, 5 кеңес беру, 3 спорттық іс-шара, 11 жәрмеңке, шеберлік сыныптары және т.б.)және құқық бұзушылық саласының 32 шарасын өткізу жоспарлануда.

Ақпараттық топтар бүгін аудандағы алғашқы шараларын жоспарға сәйкес өткізді.
Мәселен, жоба аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қордай ауданы Степной ауылында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты оқулар сайысы ұйымдастырылды. Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы ұйымдастырған жиынның мақсаты – жастар арасында Абай шығармаларын насихаттау. Шараға қатысушы Ким Тимур Ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» шығармасын орындап, көрермен көңілінен шықты.Сондай-ақ, осы күні қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында «Халықтық» атағы бар өнер ұжымдарымен кездесу өтті. Шара барысында олардың ұсыныс, пікірлері тыңдалып, жұмыс жоспарлары талқыланды. Өнер ұжымдары тарапынан проблемалық мәселелер көтерілген жоқ.

«Бейбітшілік пен келісім» жобасының нәтижесін жұмыстар аяқталған соң тұрғындардың қатысуымен аудан әкімдігінде қорытындылмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.