Қордай ауданында «Тіл-парасат» байқауы өтті

0 6

Қордай ауданында  Қарасу ауылында этнос жастары арасында «Тіл-парасат байқауы» өтті ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін еркін меңгерген этнос жастарын анықтап, оларды ынталандыру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Қордай ауылы, №1 Дінмұхаммед Қонаев атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Фирангиз  Мурадова  жеңіп алса, ІІ орынды Бетқайнар ауылы, №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Замир Фатулаев иеленді, ал Қарасу ауылы, №7 Александр Пушкин атындағы орта мектептің оқушысы Джаншанло Джафар және Масанчи ауылы, №12 орта мектептің оқушысы Асем Арыстанбекова  ІІІ орынды өзара бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.