Қордай ауданына келген ақпараттық топтың ұйымдастыру мәселелері талқыланды

0 0

Қордай ауданына келген ақпараттық топтың алғашқы жиыны аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтіп, жоба аясындағы жұмыс жоспарларының ұйымдастыру мәселелері талқыланды ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аудан әкімі Рүстем Дәулет ақпараттық топтың ауданға келу мақсатын түсіндіріп, қарапайым халық үшін маңызы зор бастамаға аудан әкімдігі тарапынан тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді.

Ал, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов жиынға қатысушыларға облыс әкімімен бекітілген өкімді және ақпараттық топтың негізгі мақсаты мен басымдықтарын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.