Жамбыл облысында «Қыз еркем, анасымен көркем» атты қыз сыны байқауы өтті

0 15

Мойынқұм ауданындағы Шығанақ орта мектебінде «Қыз еркем, анасымен көркем» тақырыбында «Көктем аруы-2020»   байқауы өтті,  — деп хабарлайды  «ZhambylNews»  Ақпараттық Агенттігі.

Байқау 2-4 , 5-7 және 8-10 сыныптар аралығында ұйымдастырылды. Үш кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.

Байқауға қатысқан арулар мен олардың аналары алғашқы кезеңінде аты- жөндерін, шыққан әулетін жырмен, қара сөзбен таныстырды. Ал ІІ кезең «Өнер» деп аталды. Мұнда сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салды, ән шырқап, би биледі. Соңғы «Сән әлемі» бөлімінде арулар берілген тапсырмаларды орындады. Әділқазылар әр номинация бойынша  білімді, өнерлі аруларды анықтады. Жүлдегерлердің қатарында 2«в» сынып оқушысы Ғазиза  Ұзақбай  мен анасы Зульфия Өнербеков ,2«ә» сыныбының оқушысы Іңкәр Жағыпар, 4 «в» сыныбынан Азиза Ұзақбай  бар. Ал ІІІ орынды 4 «а» сыныбынан Жанерке  Манатбек  иеленсе, ІІ орын Мөлдір Даниярқызына бұйырды. І орынды 2«а» сынып оқушысы Ақбота Қайнар иеленді, ал бас жүлде 3«а» сынып оқушысы Кәусар Бағдатқа бұйырды.

Жүлделі орын иегерлері арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.