Тұрар Рысқұлов ауданында коронавирустың алдын алу жұмыстары күшейтілуде

0 3

Тұрар Рысқұлов ауданында коронавирус инфекциясының жаппай тарау қаупінің алдын алу жұмыстары күшейтілуде ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

.Аудан әкімдігі жанынан шұғыл жұмыс атқаратын арнайы топ құрылып,барлық халық көп шоғырланатын орындарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Коронавирус инфекциясы анықталған жағдайда қалай әрекет етудің алгоритмі белгілі.

Инфекция жұқтырғаны туралы күдік болған жағдайда, емделушілерді Аудандық орталық аурухана арқылы арнайы стационарға қабылдауға жіберілетіні,аурудың белгілері,одан сақтану шаралары туралы жан-жақты түсіндірілуде.
Аудандық орталық аурухана мен барлық округтегі Медицина қызметкерлері жұмысына тыңғылықты дайындалған, қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті.Медициналық бетперделері бар.
Санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, вокзалға, сауда, ойын-сауық орталықтарына, қонақ үйлерге дезинфекция құрылғылары орнатылуда.Меншік иесіне қарамастан, бұл жұмыстарға барлық кәсіпкерлер белсене атсалысуда.

Білім беру мекемелері мен адамдар көп жиналатын орындар бойынша да шаралар қолға алынды. Мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығып, колледж және ЖОО студенттері қашықтықтан оқу жүйесіне көшеді. Қосымша үйірмелер мен кинотеатр жұмыс істемейді. Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар тоқтатылды.

Аудан тұрғындары Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған профилактикалық шараларды қолдануы қажеттігі-Қолды сабындап жиі жуу, антисептиктер пайдалану, қол алысудан бас тарту, жеке бас гигиеналық заттарды ғана пайдалану, гаджеттер мен техникалық құрылғыларды дезинфекциялау, тұмаудың белгілері бар адамдармен тығыз қатынастан бас тарту, тағы басқаларды тәртіпке айналдыру керектігі үздіксіз ескертіліп, әлеуметтік желі арқылы, аудандық газет пен жадынамалар арқылы ақпарат таратылып,хабарланды. Ауданда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының тұрақты болуы Әкімдік мамандары тарапынан бақылауда. Азық-түлік жеткілікті. Сондықтан, байбалам салуға негіз жоқ. Коронавирус инфекциясының кеңінен таралуына жол бермеу бойынша жұмыстар аудан әкімдігі басшылығының күнделікті бақылауына алынған.

Қолдан келгеннің бәрі жасалады.Ең бастысы азаматтардың өздеріне байланысты. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтағанда ғана бар қиыншылықты бірге жеңуге болатынын, «Басты ұстаным-Тазалық.Тәртіп.Сабыр.»-екендігін талап еткен әкімдік қызметкерлері халық арасында түсіндіру шараларын үздіксіз жүргізуді жалғастыруда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.