Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі бірқатар нысандарын аралады

0 4

Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың бүгінгі телевизиялық үндеуі бойынша атқарылуға тиіс жұмыстардың сапасын зерделеп, қарады ,  — деп хабарлайды  «ZhambylNews»  Ақпараттық Агенттігі.

Аудан басшысы Құлан ауылының орталығындағы базар мен дәріханаларды, сән салондары мен сауда орындарында болып, жағдаймен танысты.
Ауданның орталық базары мен ірі сауда орталықтарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тексеріп, жеке кәсіпкерлермен сұқбаттасты.

Аудандағы дәріхана, сән салондары, сауда-саттық орындарында болып, бағаның тұрақтылығын сақтау туралы ұсыныстарын айтып,тиісті шараларды жүзеге асыру бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Аралау барысында ілінген көрнекіліктер де назардан тыс қалмады.

Ел басына күн туған осындай қиын — қыстау шақта ел болып жұмылып, бір кісідей ұйымшылдықпен баға нарқын көтермеу, түсіністікпен қарап, қауіпсіздік ережесін сақтау, тазалық жұмыстарын бақылау туралы ақпарат жұмыстарын жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.