Бердібек Сапарбаев әлеуметтік жатақханалардың құрылысымен танысты

0
49

Тараз қаласындағы құрылыс және абаттандыру мәселелері қашан да облыс басшылығының тікелей назарында. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев тұрақты түрде шаһарда құрылысы жүріп жатқан және жұмыс істеп тұрған нысандарды өзі арнайы аралап, қала көшелерін, скверлер мен алаңдарды абаттандыру және санитарлық тазалау шаралары барысымен танысып отыруды әдетке айналдырған , – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы орайда өңір басшысы 18 наурыз күні қаланы әдеттегідей аралап шықты. Ең алдымен облыс әкімі “Арай-2” шағын ауданындағы құрылыс алаңында болып, әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға арналған жалға берілетін төрт жатақхананың жай-күйіне қанықты. Бес қабатты бұл жатақханалардың әрқайсысы жоба бойынша 45 пәтерлі болып бой көтеруде. Олардың құрылысына 70 пайыз жергілікті өнім-материалдар пайдалануда. Соның нәтижесінде жатақхана құны тиімді бағада қалыптасып, 1 шаршы метрі 110 мың теңгеге айналмақ. Бас мердігер – “Бином”ЖШС. Ағымдағы жылдың маусым айында нысан пайдалануға беріледі деп көзделуде. Ондағы пәтерлер қоныстануға дайын күйде үлестірілмек.
Облыс әкімі мердігерлерге құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізудің маңыздылығын ескертіп, салынып жатқан нысандардың дизайны мен өзіндік үйлесімдігіне айрықша назар аударды. «Тұрғын үй жайлы, қолайлы және эстетикалық тартымды болуы тиіс», – деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Бұдан соң аймақ басшысы “Нұрлы таң” тұрғын үй кешеніндегі көппәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Аталған тұрғын үй кешеніндегі жоба “7-20-25” бағдарламасы бойынша жүзеге асуда. Құрылыстың сметалық құны 380 млн. теңгеден асады. Аяқтау мерзімі – 2020 жылғы маусым.
Сондай-ақ, облыс әкімі “Көне Тараз” тарихи-этномәдени кешені аумағындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Онда «Арбат» жаяу жүргіншілер алаңының 3-кезеңінің құрылысы басталуда. Бұл алаң аталған кешен мен “Қарахан баба” кесенесімен байланыстыруға негізделген. Мұнда жалпы ауданы 2,5 га болатын аумақта сегіз түрлі 160-тан астам ағаш көшеттері отырғызылмақ. Сонымен қатар заманауи сазды су бұрқақтары салынып, жарықтандыру және орындықтар мен беседкалар орнату шаралары орындалады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here