Тұрар Рысқұлов ауданында «Мейірімділік жүректе»атты қайырымдылық акциясы өтті 

0 4

Тұрар Рысқұлов ауданында ерікті жастардың бастамасымен, жаны жомарт жандардың демеушілігімен бейсенбі-жұма 19-20 күндері аудан аумағында «Мейірімділік жүректе»атты қайырымдылық акциясы өтті  ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өңір азаматтары киім-кешек,аяқ киім,гигиеналық заттар мен азық-түлік пакеттерін көршіге, ұжымдас пен ауылдасқа, көмекке мұқтаж әрбір отбасына және жалғызілікті қарияларға қайырымдылық жасап,қуанышқа кенелтті.15 ауылдық округтен бұл шарада 70-ке жуық мұқтаж отбасы берілген көмекке алғыстарын білдірді.
Әсіресе жұмыссыз отырған,көпбалалы және мүгедек азаматтары бар отбасыларға ерекше назар аударылып,көңіл бөлінді.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында жасалған қайырлы іс әлі де жалғасын табады. Бастысы қиын сәтте мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетіп, мейірімді жүрекпен қоғамнан алшақ қалмауына үлес қосуды мақсат тұтқан әкімдік қызметкерлері мен жас еріктілер бұл істі көпшіліктің қолдауын қалайды .
Ауқатты азаматтар мен демеуші тұлғаларды ізгі іске үлес қосуға шақыруда аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы»КММ-і де өз үлестерін қосуда.
Қайырымдылық пен берекенің,молшылық пен жақсылықтың жаршысы болған Наурыз мерекесіндегі игі істер жалғасын таба берсін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.