Тұрар Рысқұлов ауданында дезинфекциялау шаралары қарқынды жүруде

0 3

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұловтың Короновирус инфекциясының алдын алу бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі аудандық жедел штаб отырысында берген тапсырмалары талапқа сай орындалуда ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Құлан ауылында адам көп жүретін қоғамдық орындарға дезинфекциялау шараларын жүргізу-сақтықтың алғышарты.Сондықтан бүгін аудан және ауылдық округ әкімдігі ғимараттары маңы, «Қазпошта»АҚ аудандық филиалы мен «Халық банкі» АҚ аудандық филиалы ғимараты маңында, басқа да қоғамдық орындарда залалсыздандыру жұмысы жүргізілуде.
Ауданда залалсыздандыру шаралары барлық жеке меншік сауда орындары мен дүкендерде, тамақтану орындарында жалғасын табатын болады. Бұл іс әкімдіктің қатаң бақылауына алынған.

Жалпы ауданда 526 нысан бар,оның барлығына дезинфекциялық құралдар,антисептикалық заттар қойылған,ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Мамандар тарапынан санитарлық тазалық зерделенуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.