Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның үшінші дерегі анықталды

0 0

Ағымдағы жылдың 27 наурызы күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның үшінші дерегі анықталды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Науқас азаматша 1996 жылы туған Қордай ауданының тұрғыны. Ол 24 наурыз күні Қырғыз Республикасынан келген.

Белгіленген іс-қимыл алгоритміне сәйкес қыз карантиндік стационарға жатқызылды. Зертханалық талдау қорытындысы коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсетті.

Науқас инфекциялық стационарға жіберілген, жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуының көтерілуі және коронавирустың басқа да белгілері байқалмайды. Коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізілуде.

Азаматшамен байланыста болған адамдар анықталып, карантинге алынды. Олардың талдаулары зерттелуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.