Жамбыл облысының дәрігерлері коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы айтты

0 0

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов коронавирус жұқтырғандардың денсаулық жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды «ZhambylNews»  АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Соңғы өткен тәуліктің ішінде Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың екі оқиғасы тіркелді. Жалпы, тіркелген үш оқиғаға тоқталсақ, олардың бір-бірімен байланысы жоқ. Бірақ осы адамдардың барлығы Қырғызстаннан келіп отыр. Бұл адамдар Қазақстанға әр күндері келген», — деді М. Жұманқұлов Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингте.

Leave A Reply

Your email address will not be published.