Мойынқұм  ауданында мобильдік топ мүшелері үздіксіз рейд жасауда

0 3

Мойынқұм  ауданының орталығындағы бірқатар мейрамханалар мен кафелерге (Дастархан,Жерұйық,Айсымбат,Сәуле,Бақсарайы) әлем бойынша аты  жаман індеттің алдын алуы мен таралуына жол бермеу мақсатында құрылған мобильдік топ мүшелері түн мезгілінде үнемі рейд жасауда ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кезекті жасалған рейд барысында аталған мейрамханалардың жабық екендігі анықталды.

Мобильдік топ мүшелерінің құрамында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы А.Елеуова, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Төлеулиев, аудандық Жастар орталығының директоры А.Байғонысов, Мойынқұм ауылының әкімі  С.Сәдуақасов және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.