«ЕШ ҚИЫНДЫҚ ТУЫНДАҒАН ЖОҚ»: ТАРАЗДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП АТА-АНАСЫ

0 4

Бүгін барлық қазақстандық оқушылармен қатар Тараздағы Зияткерлік мектептің 727 оқушысы да қашықтықтан оқытудың алғашқы күнін аяқтады. Оқыту жүйесінің жұмысы туралы ата-аналар өз пікірлерін білдіруде.

– Бірінші күн өте сәтті өтті. Интернет байланысына үлкен жүктеме болғанымен, мектеп тарапынан оқу режимінің ұйымдастырылуын жоғары бағаладым. Ұстаздарға да алғысым шексіз. Барлығы түсінікті, әрі тиянақты өтті, – деген ойымен бөлісті ата-ана Лаззат Қоспанова.
Қашықтықтан білім беруге көшу – әлемдік індеттің таралуын азайтуға бағытталған маңызды шара екенін ата-аналар да жіті түсініп отыр. Сондықтан, оқу үрдісінің ойдағыдай өтуіне педагогтармен қатарласа атсалысуда.

– Сабаққа қатысу, сабақты түсіну жағынан еш қиындық туындаған жоқ. Оқу жүктемесі де қолайлы жасалған. Баланы жеке бөлмеге, тыныш жерге отырғыздық. Сабаққа таңертең ерте тұрып дайын отырдық, уақытылы қосылдық, – деді 7-сынып оқушысының анасы Райхан Сарбасова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.