ЕЛ МҰРАТЫ –КӨРЕШЕК, ЕР МҰРАТЫ – КЕЛЕШЕК

0 18

Жыл басынан бері бүкіл әлемді дүрліктірген жаман індеттің өте жылдам тарап жатқандығын БАҚ өкілдері жариялап отырғандығы бәрімізге белгілі. Індетті жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны күрт өскеннен кейін «Дүниежүзілік денсаулық сақтау» басшылығы жағдайды өз көзімен көріп, мамандармен пікірлескеннен соң вирус ошағы шыққан қалалар жабылып, қозғалысқа шектеулер қойылып, бақылау барынша көшейтілген болатын.

Осындай бүкіл әлемнің ұлт саулығы сынға түскен сәтте ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарыққа шықты. Елбасы өз мақаласында Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісіп, тиісті сақтандыру шаралары жасалғандығын тілге тиек етті. Соның нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр.

Әрине,қалыптасып отырған жағдай оңай емес.Бұл- бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық.Біз оныосындай сын сағатта септігін тигізетінхалқымыздыңтөзімділігі, ерік-жігері жәнеөзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз.Дәл осы тұста бәрімізге халқымыздың әрдайым үлкенге –құрмет көрсетіп, кішіге –қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеді деп сенемін.

Адамның өзіне деген сенімі – үлкен күш. Бұл бойымызға – қажыр, денемізге – қуат, жүрегімізге сенім ұялатады. Біз қазір көмекке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерімізді, көпбалалы аналарды, әл-ауқаты төмендерді, жұмысқа жарамсыз жандарды ерекше қамқорлыққа алуымыз керек. Халқымыздың бойындағы ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жеткен ең ізгі қасиеттер бізді осыған үндейді.

Кезінде Әйтеке би бабамыз: «Ел мұраты – көрешек, ер мұраты – келешек. Осыларды ойлаған – қоймас түбі сүйінбей», – деген екен. Қандай керемет айтылған сөз! Дәл қазір бізге бүкіл адамзат өркениетін сүріндіретін емес, барша әлем халқын сүйіндіретін жаңашыл саясат керек.

Рухы мықты, өзіне сенімді адамды қиындықтар шынықтырады. Сондықтан біз сарыуайымнан арылып, тығырықтан шығудың жолын іздеген бүкіл әлем халқымен бірге ширыға, шыңдала түсуіміз керектігін де атап өтті.

Елбасы өз сөзінде, аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдері мен өскелең ас ұрпақты, кәсіпкерлерді ынтымаққа жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға шақырып, өз отандастарына қол ұшын беріп көмектескен үрдіс, игі істер одан әрі жалғасын табатындығына да сенім білдірді.

«Тараз қаласының мемлекеттік архиві»
КММ директоры Н.Серікбаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.