Аудан әкімі аудан тұрғындарын құттықтады

0 0

Құрметті, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Құрметті, жерлестер мен аудан тұрғындары, майдангерлер ұрпақтары!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке-батырлардың даңқты рухын ардақтап, Отанға адал қызмет етуді айқындайтын айтулы күн.
Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-үлгі.Әлемде ІІ дүниежүзілік соғысы атауымен тарихта қалған қан құйлы қырғын 70-тен аса мемлекетке жүк салып, адамзат тарихында ең зардабы мол соғыс болды. Бұл соғыстағы Ұлы Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды.
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста біздің жерлестеріміз де қайсар ерліктің үлгісін көрсетіп, есімдерін тарих бетіне алтын әріппен жазды. Ауданымыздан алты мыңнан астам адам майданға аттанып,, тең жартысы ұрыс даласында жан қиса, тыл еңбеккерлері де майдан үшін, жеңіс үшін жанқиярлықпен еңбек етіп, жауынгерлерді қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтыды.
Бүгінгі ұрпақ осынау Жеңіс күні адалдық пен еліне деген ерліктің үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз! Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен мемлекетіміздің гүлденуі де – осынау Ұлы Жеңістің жемісі. Халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісін ұлықтаған даңқты мереке-батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып саналады.
Қадірлі, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!
Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, қаһармандығы мен ерлігін әлемге танытты. Сондықтан Жеңіс күні –аға ұрпақтың ерлігі мәңгілікке ел жадында сақталатын ең қастерлі мереке. Осынау айтулы мерекеде барша ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін, жалпы аудан жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық пен жақсылық, шаңырақтарына шаттық, бақ пен береке тілеймін!
Туған еліміздің іргесі бүтін, тәуелсіздіктің көк байрағы биік, мәртебеміз жоғары, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.